Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Ұлттық ғылыми онкология орталығы ұлттық аккредитациядан өтті
Ұлттық ғылыми онкология ортылығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық аккредитациясынан өтті, оның қорытындысы бойынша клиникаға бірінші санат берілді.

Ұлттық аккредитациядан өту біздің клиниканың халыққа уақытылы және сапалы медициналық қызмет көрсету, денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды сақтау, медицина қызметкерлерінің бірыңғай біліктілік талаптарына сәйкестігі үшін барлық жағдай жасалғанын ресми мойындауды білдіреді.

1-санатты куәлік - бұл біздің орталықтың көпжылдық жемісті жұмысының нәтижесінде мүмкін болған клиниканың жоғары деңгейінің құжаттық растамасы,
ҰҒОО-ның ұжымын аккредиттеуден сәтті өтуімен құттықтаймыз және ұжымның барлық күш-жігері, көп жылдық тәжірибесі мен кәсібилігі Қазақстандағы клиникалар арасында лайықты деңгейді сақтап қалуға көмектесуін тілейміз..