Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Бүгін, 31 Наурызда Ұлттық ғылыми онкология орталығында екі клиника арасындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша «Лапино» онкологиялық орталығының өкілдерімен онлайн-кездесу өтті.

Іс-шараны ҰҒОО-ның стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық бөлімі ұйымдастырды.

Ресей жағын ұсынғандар: м.ғ.д., профессор, онкогематология бөлімшесінің меңгерушісі П. А. Зейналова, м.ғ.д., профессор, дәрілік ісікке қарсы терапия бөлімшесінің меңгерушісі А. А. Феденко, м.ғ.д., профессор, сүйек, тері және жұмсақ тіндердің ісіктері бөлімшесінің меңгерушісі Э. Р. Мусаев, м.ғ.д., профессор, бас және мойын ісіктері бөлімшесінің меңгерушісі А. М. Мудунов, м.ғ.д., профессор, онкоколопроктология бөлімшесінің меңгерушісі А. О. Расулов және орталықтың басқа да танымал сарапшылары.      

Кездесу күн тәртібінде: ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою, екі клиника арасында, сондай-ақ үздіксіз кәсіптік білім беру мәселелері бойынша тәжірибе алмасу. Кездесу барысында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары анықталды, атап айтқанда:       

  • сертификаттар бере отырып, дәрігерлер мен орта медициналық персоналға арналған оқыту бағдарламалары;
  • дәрігерлерге арналған біліктілікті арттыру курстары (жұмыс орнында 14 күн болу, диагностикалық, онкохирургиялық бөлімшелер мен химиотерапия бөлімшелері бойынша ротация жасау, қызықтыратын бағыт бойынша дәрістер курсын тыңдау);
  • KARL STORZ компаниясының қолдауымен Емшара мейіргерлері мектебін ұйымдастыру;
  • түрлі шеберлік сыныптары мен дәрігерлік консилиумдар;
  • телемедициналық кеңестер;
  • «Екінші пікір» алу;
  • телемедицина бойынша немесе жазбада трансляциялауға болатын жоғары технологиялық операцияларға пациенттерді жіберу;
  • медициналық туризмді дамыту.

ҰҒОО сарапшылары ресейлік әріптестеріне жаңа салынып жатқан онкологиялық орталықтың жобасын ұсынды және ҰҒОО қызметінің негізгі бағыттарын атап өтті.         

Кездесу қорытындысы тараптардың онкологиялық қызметті дамыту бөлігінде бірлескен күш-жігерді арттыруға дайын екендігі туралы мәлімдемесі және жақын арада ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды.