2021 жылғы 23 қарашада Дүниежүзілік микробқа қарсы препараттарды дұрыс пайдалану апталығы аясында Нұр-Сұлтан қаласында "Қазақстанда микробқа қарсы препараттарды пайдалану саласындағы зерттеулер" конференциясы өтті.
Пленарлық отырыстар эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, онлайн режимде өтті.
Конференцияда жалпы фармакология, фармакотерапия, клиникалық фармакология, дәрілік заттардың өзара іс-қимылы, қазіргі заманғы ДЗ тиімділігі мен қауіпсіздігі, дәрілік препараттардың өзара алмасуы, дәрілік препараттарды зерттеу және басқа да мәселелердің кең ауқымы көтерілді.
ҰҒОО клиникалық фармация орталығының меңгерушісі Худайбергенова Махира Сейдуалықызы және ҰҒОО онкогематологиялық реанимация меңгерушісі Меренков Евгений Анатольевич "Клиникалық практикада зеңге қарсы препараттарды қолданудың өзекті аспектілері" тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, ҰҒОО-дағы өз жұмысы туралы айтып берді және зеңге қарсы препараттарды ұтымды қолдану, антибиотиктерге ғана емес, сонымен қатар микотиктерге қарсы препараттарға және басқаларға төзімділіктің артуы тәжірибесімен бөлісті.