Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

26 маусым күні елордалық «Yerbol Arena» стадионында футболдан ашық турнир өтті. Ойын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және қала күніне орайластырылды.

 

Ұйымдастырушылар: Нұр-сұлтан қаласы «Есіл» ауданының әкімдігі, ҰҒО кәсіподақ комитеті.

Спорттық іс-шараға 13 құрама команда қатысты: Балаларды оңалту ұлттық орталығы UMS, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы, Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық, Қазақ технология және бизнес университеті, Параолимпиадалық жаттығу орталығы, №2 Көпбейінді қалалық аурухана, №9 қалалық емхана, Нұр-сұлтан қаласындағы «Шипагер» отбасылық денсаулық орталығы және басқалар.

Матч олимпиадалық жүйеде өтті, допты соғу шеберлігі ғана емес, қақпаны қорғау шеберлігін де көрсетіп, бірде-бір ұжым бір-біріне берілгісі келмеді. Қатаң әрі тең бәсекелестікке қарамастан, турнирде Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың командасы жеңіске жетті.

Медицина қызметкерлері салауатты өмір салтының денсаулықты сақтаудағы, халықтың өмір сүру ұзақтығын арттырудағы, жұмысқа қабілеттілігін жоғары деңгейде сақтаудағы рөлін ескере отырып, турнирлерге қатысып, әртүрлі спорт түрлерін жеке үлгісімен насихаттайды.

Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығының командасы, екінші орынды Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының футбол командасы иеленді. Үшінші орынға Қазақ технология және бизнес университетінің командасы ие болды. Барлық қатысушылар арнайы медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Турнирдің бас Кубогы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың командасына берілді, құрамында:
- Дощанов Ақылбек Амангелдіұлы;
- Иманбердиев Нұрлан Боранқұлұлы;
- Барамбаев Жанат Қуандықұлы;
- Сұлтанбеков Олжас Ғалымжанұлы;
- Асқаров Алмат Мұратұлы;
- Айдарбек Дәурен Мейрамбекұлы;
- Жұмабек Ерболат Данабекұлы;
- Әбдірахман Асылжан Әлімбайұлы.

Жеңіс құтты болсын!

* Антиковидтік шаралар толық көлемде сақталды.

news futbol1

news futbol2

news futbol3

news futbol4

news futbol5

news futbol6

news futbol7

news futbol8

news futbol med1

news futbol med2