ҰҒОО-да Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен Кореялық "KHIDI" денсаулық индустриясын дамыту институты арасында ҚР онкологиялық қызметін дамыту саласында әріптестік қарым-қатынас орнату перспективалары және ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өтті.
KHIDI тарапынан кездесуге KHIDI өкілдігінің директоры Чой Чжун Хи және KHIDI өкілдігінің зерттеушісі Сон Су Дин қатысты.
ҰҒОО өкілдері Қазақстанның астанасында қолданыстағы орталық базасында Ұлттық ғылыми онкология орталығын құру бойынша жоспарларымен бөлісті, сондай-ақ ҰҒОО жаңа емдеу-диагностикалық корпусының жобасымен таныстырды.
ҰҒОО Басқарма төрағасы Гүлнәр Құлқаева өз сөзінде КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайды және мамандарды үздіксіз оқытудың, ҰҒОО кадрлық әлеуетін дамыту мен даярлаудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында тараптар онлайн-платформалар және білім беру қызметінің басқа да нысандары арқылы медицина қызметкерлерін оқытудағы ынтымақтастық, бірлескен ғылыми-практикалық конференциялар өткізу және т. б. туралы келісімге келді.