Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

2020 жылдың 16 қарашасында Ұлттық онкологиялық ғылыми орталығында «Халық алғысы» медалімен пандемия кезеңінде денсаулық сақтау саласындағы жемісті жұмысы үшін онкогематология және онкогематологиялық реанимация орталығының меңгерушісі, штаттан тыс бас гематолог, онкогематолог Кемайкин Вадим Матвеевич марапатталды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл марапатты коронавирустық инфекциямен күресте ерекше көзге түскен азаматтарды көтермелеу үшін тағайындағаны белгілі.

Әр түрлі бағыттар бойынша медальмен еліміздің жауапты, лайықты азаматтары және олардың арасында ҰҒОО-ның құрметті қызметкері және өз ісінің маманы – Кемайкин Вадим Матвеевич марапатталды.

ҰҒОО ұжымы Вадим Матвеевичті құрмет марапатын алуымен шын жүректен құттықтайды. Денсаулық, амандық және әрқашан жеңіс бағытында болуды тілейді.