ХАБАРЛАМА
Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
7 қазан күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Ұлттық ғылыми онкология орталығының Клиникалық-диагностикалық орталығында (бұдан әрі-ҰҒОО) ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталығымен (бұдан әрі – ТЖТМҚҮРО) бірлесіп, Еуропалық орган донорлығы және транспланттау күніне (9 қазан) орайластырылған ағзаларды: бауыр мен бүйректі транспланттау мәселелері бойынша Ашық есік күні өтеді.
Сенбіде ҰҒОО-ң трансплантолог дәрігерлерінен және ұлттық үйлестірушілерден әлеуетті донорлар мен реципиенттер тегін кеңес ала алады.
Консультацияға жазылу үшін нөмір бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: +7 7172 702 911, 702 900.
Консультация алдын ала жазылу бойынша өтеді.
Қабылдауды ҰҒОО-ң білікті онколог-дәрігерлер, хирургтар, трансплантологтары жүргізеді.
ТЖТМҚҮРО ұлттық үйлестірушілері қайтыс болғаннан кейін органдардың донорлығы туралы ерік білдіруді бекіту, "Күту парағына" қою, тіркеу және жүргізу, сондай-ақ органдардың туыстық донорлығы мәселелері бойынша консультациялар өткізетін болады.
Медицинадағы қарқынды прогреске қарамастан, трансплантацияны қажет ететін науқастарды күту парағында: бүйрек, бауыр, өкпе, жүрек бұрынғыдан да ұзақ.
2022 жылы Қазақстанда қайтыс болғаннан кейін 4 донор болды, олар 16 адамның өмірін сақтап қалды. 2023 жылдың ағымдағы кезеңінде қайтыс болғаннан кейін 4 донор және 9 адам құтқарылды.
ТЖТМҚҮРО статистикалық деректеріне сәйкес, 2023 жылғы 10 қыркүйектегі жағдай бойынша күту парағында трансплантациялау бойынша операцияға - 3953 пациент тұр, оның ішінде: бүйрек - 3515, балалар - 92; бауыр - 170 ересек, балалар -10; өкпе: 16 ересек, балалар - 0; жүрек – 138 ересек, 7 - балалар; "жүрек-өкпе" қос жиынтығына мұқтаждар саны: ересектер - 2, балалар - 3.
Ашық есік күнін өткізудің мақсат - кадаврдан орган донорлығы мен трансплантация мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару.
Учаскелік дәрігердің жолдамасы талап етілмейді, өзімен бірге жеке куәлік пен медициналық құжаттар (зертханалық зерттеулердің бұрын алынған нәтижелері, аспаптық/сәулелік диагностиканың қорытындысы, үзінді көшірмелер және т.б.) болғаны жөн.
Мекен-жайы: Астана қ., Керей және Жәнібек хандар к-сі, 3 (емхана жағынан кіру).