Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

баннер День открытых дверей

ҰҒОО елорда тұрғындары мен қонақтарын Ашық есік күніне шақырады!

 

Сенбі, 4 ақпан күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Ұлттық ғылыми онкология орталығының Клиникалық-диагностикалық орталығында (Астана қ., Керей, Жәнібек хандар к-сі, 3) Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні аясында бас және мойын органдарының, оның ішінде қалқанша безінің ауруларына арналған Ашық есік күнін өткізу жоспарлануда.

Іс-шараның мақсаты - қатерлі ісіктердің алдын алу және ерте диагностикалау, сондай-ақ, уақытылы тексеру қажеттілігі туралы халықтың хабардарлығын арттыру.

Ашық есік күнінде барлық ниет білдірушілер Орталықтың білікті дәрігерлерінен (дәрігер-онкохирург, отолорингохирург, эндокриндік хирург) тегін, сапалы кеңес ала алады, қажет болған жағдайда медициналық көрсетілімдер бойынша ультрадыбыстық зертеулер жүргізе алады.

Ол үшін:

- Сall-орталықтың бірыңғай телефон нөмірі бойынша дәрігерлерге алдын ала жазылу қажет: 8(7172) 702-911, 702-900 және қабылдау уақытына келу керек;

- еріп келушілердің, әсіресе балалардың санын азайтуды сұраймыз;

- егер сізде ЖРВИ белгілері болып, өзіңізді нашар сезінсеңіз, Ашық есік күні дәрігерге барудан бас тартуыңыз керек, өйткені жоғары температурасы бар адамдар Ұлттық ғылыми онкология орталығының клиникалық-диагностикалық орталығына жіберілмейді;

- өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз және алдыңғы тексерулердің нәтижелері болуы қажет (олар болған жағдайда).

Барлық ниет білдірушілерді, сондай-ақ БАҚ өкілдерін 4 ақпанда сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Астана, Керей, Жәнібек хандар көшесі, 3 мекенжайы бойынша іс-шараға қатысуға шақырамыз.

Ұлттық ғылыми онкология орталығының

баспасөз қызметі

+7 778 700 4324,

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.