2021 жылдың 11 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласында ҰҒОО-ның комбустиолог дәрігері, м.ғ.к. Қабылбек Ризабекұлы Әбуғалиевті еске алуға арналған I ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады. Аталған іс-шараны Ұлттық ғылыми онкология орталығы ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарды ерте диагностикалау және емдеу сапасын арттыру.
Конференция қатысушыларына ҚР Денсаулық сақтау Вице-министрі Жандос Қонысұлы Бүркітбаев құттықтау сөз сөйледі: "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің атынан және жеке өз атымнан Қабылбек Ризабекұлы Әбуғалиевті еске алуға арналған I ғылыми-практикалық конференцияның ашылуына орай құрметті Төралқа және қатысушылар сіздерді құттықтаймын. Бүгінгі конференция жас мамандар үшін ерекше пайдалы болатынына, ал іс-шараның қолайлы ғылыми-зерттеу ахуалы зияткерлік әлеуетті табысты іске асырудың кепілі болатынына сенімдімін. Баршаңызға жемісті жұмыс тілеймін!»
Сондай-ақ, салтанатты бөлім аясында ҰҒОО Басқарма төрағасы Гүлнар Өтепергенқызы Құлқаева және бас ғылыми консультанттар, профессорлар, м.ғ.д. Тоқан Ануарбекұлы Сұлтаналиевтің, Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиевтің және Күлпаш Сағындыққызы Қалиасқарованың баяндамалары тыңдалды.
Іс-шара барысында қатерлі ісіктерді ерте диагностикалауға, ісіктерді терапевтік және хирургиялық емдеуге, сәулелік диагностикаға, ағзаларды трансплантаттауға және жаңа түзілімдер кезінде ағза сақтайтын операцияларға заманауи тәсілдерді енгізу және қолдану мәселелері бойынша пленарлық отырыстар өтті.
Сонымен қатар, конференция аясында онкология саласындағы озық әзірлемелер мен технологиялар туралы презентациялар, түрлі пәндер бойынша ғылыми еңбектер, сондай-ақ емдеу тактикасы мен сапасын арттыру, онкология әлемінде жаңа әзірлемелерді қолдану мәселелеріне арналған Орталықтың клиникалық дәрігерлерінің практикалық пайдалы дағдылары ұсынылды.
Қарапайым жас жігіттен бастап Чернобыль АЭС-індегі апатты жою кезінде қызмет атқарған, медицинадағы күрделі бағыт - тінді трансплантаттауды дамытуға зор үлес қосқан практикалық хирург, ірі ғалым дейінгі Қабылбек Ризабекұлының өмір жолы туралы бейне-презентациямен Тамыр хирургиясы орталығының меңгерушісі Ирлан Нығметжанұлы Сағындықов сөз сөйледі.
"Қабылбек Ризабекұлымен біз 2010 жылы біздің орталықтың табалдырығында, оның кандидаттық диссертациясын сәтті қорғағаннан кейін таныстық. Ол өзінің ғылыми жұмысы, қатты күйген тыртықтарымен емделген пациенттері туралы мақтанышпен айтты, операцияға дейінгі және кейінгі кезеңдердегі науқастардың суреттерін көрсетті. Болашақта бұл кездесу біздің достығымызға айналды. Ол өзінің реконструктивті-пластикалық хирургияға деген сүйіспеншілігін оятқан өзінің аға жолдастары туралы, ол ұзақ жылдар бойы мейіргеден бөлімше меңгерушісіне дейін жұмыс істеген клиника туралы тамсанып айтып берді. Мыңдаған науқастар құтқарылды, көбінесе көптеген жарақаттардан, күйіктерден кейін. Қабылбек Ризабекұлы адам денесінің кез-келген бөлігінің кең жарасына операция жасаудан керемет шабыт алатын, ол ешқашан қолын түсірмей, оларды емдеуді аяғына дейін жеткізді. Ол өз тәжірибесін жас хирургтарға берді, ешқашан шетелдік журналдарға мақалалар жазудан шаршамады, өнертабыстарға патенттер ресімдеді", - деп өз естеліктерімен әріптесі, тамыр хирургі дәрігері Ирлан Сағындықов бөлісті.
Іс-шараға ғылыми қызметкерлер, ҰҒОО-ның жетекші хирург, трансплантолог, онколог, маммолог, химиотерапевт, гинеколог, радиолог, уролог, гепатолог, патоморфолог, цитолог дәрігерлері, сәулелік диагностика дәрігерлері, онкогематологтары қатысты.
Бұл іс-шара озық тәжірибені зерделеу, тәжірибе алмасу алаңы болды.
Конференция қорытындысы бойынша қарар қабылданады.