Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

«Гастроэнтерологиялық Check-up» бағдарламасы – бұл асқазан-ішек жолдарының ауруын ерте сатысында жоюға немесе анықтауға мүмкіндік беретін кешенді тексеру.

Барлық қажетті талдаулар мен зерттеулерді қамтитын қысқа мерзімде кешенді тексеруден өткеннен кейін сіз ас қорыту жүйесінің жағдайы, олардағы патологияның немесе оның дамуының алғышарттары туралы толық ақпаратты білетін боласыз, сонымен қатар алдын-алу және емдеу бойынша маманның қажетті ұсыныстарын аласыз.

Ұсынылады:

📝АІЖ ауруларының алдын алу және анықтау үшін жылына бір рет өту

📝асқорыту жүйесінің көптеген ауруларының, соның ішінде қатерлі ісіктің (асқазан мен он екі елі ішек жаралары, асқазан мен ішек обыры, панкреатит, дисбактериоз, колит, гастродуоденит, тітіркенген ішек синдромы, гастрит) дамуын болдырмауға немесе ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді.

Қамтылады:

🔹️гастроэнтерологтың кеңесі

🔹️ ЖҚТ, ЖНТ, қанның биохимиялық талдауларының кеңейтілген жиынтығы және т. б.

🔹️УДЗ-тексеру (ІҚА)

🔹️ видеоэзофагогастродуоденоскопия, видеоколоноскопия

🔹️тексеру 2-3 күн ішінде жүргізіледі

🔺️ Бағдарлама кімге көрсетілген?

«Гастроэнтерологиялық Check-up» бағдарламасы профилактикалық тексеру мақсатында (тіпті АІЖ тарапынан шағымдар болмаса да) жылына 1 рет барлық сау адамдарға көрсетілген, бірақ әсіресе осы бағдарламаларға назар аударуды ұсынамыз:

  • • жыл сайынғы тексеру ретінде АІЖ созылмалы аурулары бар адамдарға
  • • АІЖ тарапынан тұқымқуалаушылық ауыртпалығы бар адамдарға
  • • іштің ауырсынуы болғанда (асқазан немесе ішек аймағында)
  • • аузында ащы сезім, қыжыл, жүрек айнуы және құсу болғанда
  • • жиі іш кебуі кезінде (метеоризм)
  • • нәжіспен байланысты проблемаларда (диарея немесе іш қату).

Сондай-ақ, егер Сіздің жасыңыз 40 жастан асқан болса.

Көптеген аурулар ерте кезеңде білінбейді. Оларды диагностика арқылы ғана анықтауға болады. Бірақ дәл осы кезеңдерде созылмалы және онкологиялық ауруларды емдеуге болады.

Ешбір жер ауырмаған кезде дәрігерлерге бару қалыпты жағдай.

Егер сіз сау болсаңыз, бұл процедура мұқият болуды қажет ететін «әлсіз жерлерді» көрсетеді. Егер ауру бұрыннан бар болса, ерте диагностика тиімді және арзан емделуге көмектеседі. Қалай болғанда да, чек-ап уақыт пен ақшаны үнемдейді; ұзақ, сау және сапалы өмір сүруге көмектеседі.

Сіз Call -орталықтың телефондары бойынша толық ақпарат ала аласыз және дәрігердің кеңес беруінің ыңғайлы уақытын тағайындай аласыз: 8 (7172) 702 -911, 8 (7172) 702 -900.

Біздің мекен-жайымыз: Астана қ., Керей, Жәнібек хандар көшесі, 3

Возможно, это изображение 2 человека