Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Жақында ҰҒОО Гепатология, гастроэнтерология және органдарды трансплантациялау орталығынан трансплантацияланған бүйрекпен 10 жыл өмір сүрген науқас шығарылды.

Айару (кейіпкердің аты оның өтініші бойынша өзгертілген) ҰҒОО-да иммуносупрессивті терапияның кезекті курсынан өтті, оны трансплантациядан кейін мезгілімен профилактикалық мақсатта алады. Ол сол кезде Астана қаласында бүйрегін трансплантациялаған алғашқы пациенттердің бірі болды.

Айару гломерулонефрит (бүйрек шумағының зақымдануы) анықталған кезде небәрі 15 жаста еді. Бірте-бірте ауру созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне әкеп соқты. 17 жасында оның екі бүйрегі де істен шықты, диализ 7 жылға созылған күнделікті рәсімдердің бірі болды.

«Гемодиализ - бұл бүйректі алмастыратын арнайы аппараттың көмегімен ағзаны шлактардан (алмасу өнімдерінен) тазарту рәсімі (сау ағзада бұл функция бүйрекпен орындалады), ол бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге аптасына 2-3 рет жүргізіледі. Бұл өте шаршататын процедура, сонымен қатар адамның табиғи зәр шығару жүйесі сияқты әсер етпейді. Гемодиализ болмаса, ағзаның бітелуі артады, бұл адамның мезгілсіз өліміне әкеледі».   

Сондықтан трансплантация қызды құтқарудың жалғыз мүмкіндігі болды.  

«Мен шамамен 7 жыл диализде болдым. Барлық мүмкіндікті пайдалануға тырысып Астанаға көшіп келдім. Маған осында көмектеседі, емделуге квота аламын деп үміттеніп. Сол кезде трансплантация Қазақстанда енді ғана дами бастады. Мәйіт донорлығы дамыған жоқ. Операциялар сирек және тек Алматыда, А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында жасалды. Бірақ бұл жерде өте үлкен кезек болды. Мүмкін болатын нұсқалардың тек екеуі ғана болды: Алматыда ұзақ кезек күту немесе ақылы негізде шетелдік клиникаға жүгіну. Міне, бір күні мен нефролог дәрігерлер Нарманова Орынгүл Жақсыбайқызымен және Абишева Жанар Аттаровнамен кездейсоқтықпен таныстым. Олардан мен Денсаулық сақтау министрлігінің елімізде трансплантологияны дамыту бойынша жобаны ілгерілететінін және осы мақсатта шетелдік трансплантологтарды біздің мамандарымызға шеберлік сабағын өткізуге шақыратынын білдім. Жоба аясында осы орталықта, Астанада трансплантация операциясын өткізу жоспарланған болатын, сол кезде ол басқа атауға ие болды. Операция жасау үшін науқас қажет болғандықтан, маған осы жобаға қатысуды ұсынды, бірақ ол үшін қажетті донорды табу керек болды. Солайша маған трансплантациясын жасайды деген үміт пайда болды. Донор менің жалғыз ағам болды. Ол 24 жаста еді, ал мен 23 жаста едім», - дейді Айару. 

Бүйрек трансплантациясының операциясын Оңтүстік Кореядан келген профессор Пак Кван Тэ және трансплантолог дәрігер Ғани Құтымұратов ҰҒОО-да жасады (ол кезде клиника басқаша аталды – Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы). Операция жасамас бұрын пациент пен донор үйлесімділік пен денсаулық жағдайына тексерілді, ал 2010 жылдың қараша айында алғашқы трансплантация жасалды.

Осы сәттен бастап трансплантологиялық қызметтің дамуы басталды. 2010 жылы ағзаларды транспланттау жүргізуді қажет ететін пациенттерге жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету мақсатында арнайы топ құрылды. Ал бүгінде ҰҒОО-да республикалық деңгейде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін мамандандырылған бөлімше – Органдарды трансплантациялау орталығы ұсынылған. ҰҒОО-да органдарды трансплантациялау саласында озық тәжірибе жинақталған. Бүкіл кезең ішінде бөлімше 500-ден астам ағзаларды (бауыр мен бүйректі) трансплантациялады.

«Органдарды кез келген трансплантациялау техникалық тұрғыдан күрделі болып табылады және маманның үлкен кәсібилігін талап етеді. Күрделілік тек операцияда ғана емес, сонымен қатар пациенттерді операциядан кейінгі жүргізуде де болады. Әлемдегі иммуносупрессивті терапияның бірде-бір схемасы трансплантацияланған органның операциядан кейінгі қабылданбауына кепілдік бермейді, бірақ пациенттердің өмір сүру деңгейі жоғары. Халықаралық стандарттар бойынша 5 жылдық өмір сүру деңгейі бағаланады. Алайда, біздің пациент трансплантацияланған органмен 10 жылдан астам уақыт өмір сүріп келеді, бұл, әрине, өте қуантады", – деп атап өтті трансплантолог дәрігер Мэлс Асықбаев.

10 жылдан астам уақыт бойы пациент байқалады, трансплантация жақсы жұмыс істейді, ол әлі де ең аз иммуносупрессивті терапияны алады. Қазір Айару отбасы құрған, қарапайым өмір сүреді, болашаққа үлкен жоспарлары бар және дәрігерлеріне өте риза.