Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Бүгін біздің клиникада қуаныш үшін жағымды себеп бар. ҰҒОО-ның дәрігерлер мен басшылығы қалыптасқан жақсы дәстүр бойынша ағасын құтқару үшін бүйрегін сыйға тартқан донорды салтанатты түрде өткізді.

36 жастағы Боранқұлов Салауат 10 жылдан астам уақыт бойы терминал сатысында бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шеккен ҰҒОО-ның пациенті үшін бүйрек доноры болды.

«Бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық түрлерімен ауыратын науқастар бүйрек алмастыру терапиясында (гемодиализ) болуға мәжбүр, ол өмір сүру сапасы мен ұзақтығын айтарлықтай төмендетеді. Бұл проблеманы тірі немесе қайтыс болғаннан кейінгі донордан пациентке бүйрек ауыстырып салу ғана шеше алады», – деп атап өтті трансплантолог дәрігер Мэлс Асықбаев.

Міне, осындай мүмкіндік пайда болды. Донор болуға келіскен Салауаттың арқасында дәрігерлер туыстас трансплантация жасап, сол бүйрегін ағасына трансплантациялады.

«Донор мен реципиенттің жағдайы қанағаттанарлық. Бүгін Салауатты шығарып жатыр, ал ағасына оңалту қажет», – деп қосты дәрігер.

ҰҒОО Басқарма төрағасы Гүлнара Өтепергенқызы Құлқаева бастаған дәрігерлер командасы донорды құттықтап, өмірді құтқарғаны және Қазақстанда донорлықты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыстарын білдірді.