Елордадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының дәрігерлері сирек кездесетін қатерлі ісікке шалдыққан науқасты аман алып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Пациентке Клацкин ісігі диагнозы қойылған. Бұл – өт жолдарында, атап айтқанда, бауыр аймағындағы түтіктерде дамитын обырдың бір түрі. Аталған дерт сирек кездеседі, 100 мың адамның ішінде 1-3 жағдай ғана орын алуы мүмкін. Ал Еуропа немесе Америкада тұратындарға қарағанда азиялықтарда жиірек анықталады.
"Емханамызға Қарағандыдан 70 жастағы әйел адам жүгінді. Қараша айында сарғаю белгілері байқалған екен. Әрі қарай тексере келе, Гепатопанкреатобилиарлы хирургия, онкогепатология және трансплантация орталығының мамандары Клацкин ісігін анықтады. Ауру бастапқы сатыда болғанымен, сол жақ өт жолдарын зақымдап үлгерген. Пациенттің инфаркт және жүректі шунттау секілді қосалқы аурулары болғанына қарамастан, дәрігерлік консилиум өткізіп, операция жасау туралы шешім қабылданды. Бауырының 70 пайызын алып тастадық. Қазіргі таңда науқас белсенді, орнын тұрып, жүріп, тамақ жей алады. Жағдайы тұрақты", - деп атап өтті гепатобилиарлы хирург, трансплантолог Абылайхан Шарменов.
Сілтеме арқылы біз туралы көбірек оқыңыз:
https://baq.kz/elordalyq-darigerler-sirek-kezdesetin-qaterli-isikke-shaldyqqan-nauqasty-aman-alyp-qaldy-295376/