Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

2021 жылғы 20-21 мамырда қашықтықтан форматта «Регенеративті медицинаның өзекті мәселелері: жасушалық технологиялар, тіндік инженерия» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті, оның ұйымдастырушылары Самара мемлекеттік медицина университеті (Ресей). 

    
Конференция жұмысына жетекші гематолог, трансфузиолог, трансплантолог, невролог, комбустиолог, уролог дәрігерлер, клиникалық зертханалық диагностика дәрігерлері және шетелдік Ресей, Израиль, Татарстан Республикасы және Қазақстанның ғалымдары қатысты.  
Қазақстан Республикасынан аталған конференцияға СамММУ шақыруымен Ұлттық ғылыми онкология орталығы онкогематология және СКТ орталығының басшысы, ҚР штаттан тыс бас онкогематологы Вадим Матвеевич Кемайкин бірінші секцияда «Жіті миелодтық лейкоздың клиникалық жағдайы. Транспланттау, РТПХ асқынуы және емдеу» баяндамасымен сөз сөйледі.     
Ол Ұлттық ғылыми онкология орталығы Қазақстанда онкогематология сияқты бағыттар бойынша озық медициналық технологияларды енгізу саласында жетекші орын алатынын ерекше атап өтті. Біздің базамызда бағаналы гемопоэздік жасушаларды трансплантациялау 2010 жылдан бастап жүргізіледі. Трансплантацияның барлық түрлері игерілді: миелома кезіндегі аутологиялық СКТ; аллогенді тектес СКТ; лимфома кезіндегі аутологиялық СКТ; гаплоидентті СКТ; аллогенді тектес СКТ. Ресей Федерациясында және Қазақстан Республикасында сүйек кемігін аллогенді транспланттау әдісін қолдану саласындағы кәсіпқойлар донорлары тіркелімдерінің бірыңғай ресурсына орталықтандырылған қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін 2011 жылы BMDS (bone marrow donor search) бірлескен Ресейлік-Қазақстандық ақпараттық ресурсы құрылды. 2013 жылдан бастап Еуропалық сүйек кемігін трансплантациялау қоғамына есептер ұсынылады. Біздің Институт кадрлық әлеуетті дамытуды жүзеге асыра отырып және тәжірибелік медицинаға инновациялық әдістерді енгізе отырып, оқыту мастер-кластарын өткізу арқылы (және онлайн режимінде) Қазақстан Республикасында онкологиялық қызметтің дамуына қомақты үлес қосады.
    Бүгінгі күні, 2020 жылы Орталықтың гемотологиялық қызметі 473 трансплантация жүргізді, негізінен гапло, - алло, -аутотрансплантацияның үштен бірі, соңғысы ҰҒОО-да көптеген миелома мен лимфомалар үшін жасалады. Небәрі 10 жыл ішінде онкогемотология бөлімшесінде жіті миелоидты лейкозы бар 397 пациент байқалды, оның ішінде: 187 әйел, 210 ер адам.        
Сонымен қатар, Вадим Кемайкиннің баяндамасында өз зерттеулерінің жаңа нәтижелері - клиникалық жағдайлар ұсынылды; сондай-ақ трансплантация туралы заманауи көзқарастар, сүйек кемігін трансплантациялаудан кейін кездесетін асқыну және емдеу «трансплантат иесіне қарсы» РТПХ – реакция.   
Пленарлық отырыста 30-ға жуық баяндама тыңдалды.  
Аталған конференция әртүрлі елдерден келген конференцияға қатысушыларға трансплантацияның заманауи стратегияларын талқылауға және жасушалық технологиялардың тиімділігі мен қауіпсіздігін одан әрі болжауға мүмкіндік берді.