Қазақстанда жыл сайын ересек науқастарға 70 шақты сүйек кемігі трансплантациясы жасалады. Бұдан да көп операция жасауға болады. Алайда оған донор тапшы.
❗Қазір сүйек кемігі трансплантациясына ұлттық ғылыми онкология орталығында 30 науқас кезегін күтуде. Алайда елдегі тіркелімде бар-жоғы 9000 донор тіркелген. Сәйкес кемікті табу оңай емесін ескерсек, оның 1-2-еуі ғана донор болуға жарауы мүмкін.
Айзат Сүлейменова, ҰҒОО №2 онкогематология бөлімшесінің меңгерушісі:
- Қазақстандық-ресейлік регистрде донор мүлде болмаса, онда әрі қарай Дүниежүзілік регистрден донор іздейміз. Егер де Дүниежүзілік регистрде науқасқа сәйкес келетін донор анықталса, онда ол науқас бюджет арқылы шетелге трансплантацияға бағытталады. Оның трансплантациясы шетелде де науқас үшін тегін болады. Ол мемлекет тарапынан болады.
Мысалы, Жапонияда, АҚШ-да жылына 500-600 трансплантация жасалады. Шығыс Еуропада жылына 180-200-ге таяу трансплантация жасалады. Біздің елде жылына 70-75 трансплантация жасалады. Трансплантацияның бұндай шектеулі саны ол трансплантациялық бөлімшедегі палаталардың аздығына байланысты. Ол жерде тек 6 ғана палата бар. Егер де палаталардың саны 2 есе немесе 3 есе көбейсе, онда біздер жылына шамамен 180-200-ге таяу трансплантация жасай аламыз.
Донордың сүйек кемігі 6 айдан кейін қалпына келеді. Осы ретте мамандар ақылы трансплантацияға үміт артып, шекара асудың қажеті жоқ дейді. Өйткені науқас бір жыл көлемінде дәрігерлердің бақылауында болуы қажет. Оңалту қызметі де елде тегін көрсетіледі.
Сюжетті толығырақ мына сілтеме арқылы тамашалаңыздар:
https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/558664-elimizde-tuys-emes-donorlar-a-s-ranys-k-p