Елімізде бір ғана бүйрекке зәру 3 мыңнан астам науқас бар. Оның барлығы уақытша ем алып жүр. Ал күту парағына енгізілмегендерді қоссаңыз, онда бүйрек ауыстыруға мұқтаждар саны 8 мыңға жуықтайды.
Көп елде ағзаны алып-сатуға жол бермеу үшін туыстық және мәйіттік операцияларға ғана рұқсат етілген. Оның өзінде арнайы комиссия тексеріп барып, шешім шығарады. Бізде де солай. Алайда, мәйіттік трансплантацияға менталитет жол бермей келеді.
Былтыр елімізде 162 операция туыстас донордан жасалса, жетеуі ғана мәйіттік.
Мэлс АСЫҚБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ОНКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ АҒЗА ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СЕКТОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
- Көбісі ойлайды, мысалы, қан тобы сәйкес келсе болды донор бола береді деп. Жоқ, ол жағынан тереңдетілген тексерістер өтіледі. Тек қана қан тобын қарамай, ол жердегі донор мен реципиенттің HLA гистосовместимость деген тіндік сәйкестігін тексереміз. Ол ең басты анализдердің бірі болып табылады. Өйткені ол бағанағы салған органның өміршеңдігін, яғни, өміршеңдігі HLA гистосовместимостке байланысты.
Ел медицинасының әлеуеті бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе, ұйқы безі, көздің мөлдір қабаты, сүйек кемігінің трансплантациясын жасауға қауқарлы. Операцияға дейінгі және кейінгі жәрдемнің барлығы тегін көрсетіледі.
Сюжеттің толық нұсқасын сілтеме арқылы көріңіздер:
https://m.astanatv.kz/kz/news/90988/
https://youtu.be/5LR6lKQ8ggI
#ҰҒОО #ННОЦ #NROC #медицина #қоғам #трансплантация #бүйрек #донортапшылығы #аstanatv