Миелопролиферативті неоплазия тобына жататын ілкі миелофиброз деп аталатын дерт миллионның бірінде ғана кездеседі.
Бұл дерт – сүйек кемігінің ісік ауруы, фиброзды тін сүйек кемігіндегі қан түзетін дің жасушаларының орнын басып, сол арқылы қандағы сау жасушалардың бөлінуін бұзады.
50 жастағы пациентке жасалған аллогенді трансплантациялық ота Қазақстанда алғаш рет жасалып отыр. Яғни науқастың ағасынан алынған донорлық сүйек кемігін оған ауыстырып салдық. Ота сәтті өтті деуге толықтай негіз бар. Қазіргі уақытта толықтай донорлық химеризмге қол жеткізіліп, қандағы көрсеткіштер біртіндеп қалыпқа келе бастады, – дейді орталықтың онкогематология бөлімшесінің меңгерушісі Рузаль Вильданова.
Қатерлі ісік ауруларына жататын дертке статистика бойынша орта есеппен 65 жастағылар шалдығады. Дегенмен дәрігерлер кейінгі уақытта жастардың арасында да кездесіп отырғанын айтты.
Толығырақ сілтемеде: https://aqmeshit-zhastary.kz/.../elordalyq-daerigerler.../