24 қыркүйек, жұма күні сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін Ұлттық ғылыми онкология орталығының клиникалық-диагностикалық орталығында (Нұр-Сұлтан қ., Керей, Жәнібек хандар к-сі, 3) Дүниежүзілік метастатикалық колоректальды обыр күні аясында ішек (оның ішінде тік ішек) ісіктеріне арналған Ашық есік күнін өткізу жоспарлануда.
Акция ішек патологиясының алдын алу, ерте диагностикалау және емдеу, сондай-ақ қатерлі ісіктерді уақтылы тексеру және алдын алу қажеттілігі туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында өткізіледі.
Ашық есік күні барлық ниет білдірушілер Орталық дәрігерлерінің (онкохирург-дәрігер, колопроктолог) білікті кеңесін тегін ала алады.
Сапалы және уақтылы кеңес алу мақсатында, сондай-ақ эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты келесі ережелерді ұстануды сұраймыз:
⚜ алдын ала Саll-орталықтың 8-7172-702-911 телефоны бойынша дәрігерге жазылу және қабылдау уақытына келу қажет;
⚜ еріп жүрушілердің, әсіресе балалардың санын азайтуды сұраймыз;
⚜ егер Сізде ЖРВИ белгілері болса, өзіңізді нашар сезінсеңіз, Ашық есік күні дәрігерге барудан бас тарту керек, өйткені дене температурасы бар адамдар Ұлттық ғылыми онкология орталығының клиникалық-диагностикалық орталығына жіберілмейді;
⚜ өзімен бірге жеке куәлігі және алдыңғы тексерулердің нәтижелері (олар болған жағдайда) болуы қажет.
Барлық ниет білдірушілерді, сондай-ақ БАҚ өкілдерін 24 қыркүйек күні сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін Нұр-Сұлтан қаласы, Керей Жәнібек хандар көшесі, 3 мекен-жайы бойынша өтетін іс-шараға қатысуға шақырамыз.