2021 жылдың 22 және 23 қазанында ҰҒОО базасында сүт безі патологиясының алдын алу, ерте диагностикалау мақсатында Ашық есік күні өтті. Іс-шара Дүниежүзілік сүт безі обырын хабардар ету күні аясында ұйымдастырылды.
Сүт безі обыры әлемдегі әйелдер арасында ең көп таралған онкологиялық ауру болып табылады және онкологияда жетекші орын алады. Қазақстанда жыл сайын сүт безі обырымен ісік ауруларының 5000-ға жуық жаңа жағдайы анықталады. Ел бойынша сырқаттану құрылымында сүт безі обыры бірінші орында тұр. Қатерлі ісіктерден болатын өлім құрылымында сүт безі обыры 3-ші орында және жыл сайын 1200-ге жуық әйелдің өмірін қиып өтеді.
Жоғары білікті санатты онколог-маммолог дәрігерлер, медицина ғылымдарының кандидаттары қабылдау жүргізді.
Дәрігерлердің айтуынша, уақтылы тиімді емдеу мүмкін болған кезде сүт безінің ісікалды және ісік ауруларының алдын алу және ерте анықтау әйелдерге өмірді, денсаулық пен сұлулықты сақтауға, сондай-ақ толыққанды өмірге оралуға нақты мүмкіндік береді.
«Көбінесе пациенттер сүт безінің ісік аурулары дамыған кезде дәрігерлерге келеді. Біз ерте диагностиканың маңыздылығы туралы үнемі айтып отырамыз. Бүгінде елімізде 40-70 жастағы әрбір әйел ТМККК және МӘМС жүйесі боынша тіркелген емханада іске қосылған Ұлттық скринингтік бағдарламасы шеңберінде маммографияны өте алады. Айта кету керек, бүгінде жас әйелдер арасында қатерлі ісік ауруын анықтау үрдісі байқалады. Бұл скринингтік жасты күту қажет емес дегенді және үнемі медициналық тексеруден өту қажет екендігін білдіреді. Сондай-ақ, осындай Ашық есік күндері тегін немесе тіркелген жері бойынша емхана арқылы тексеруден өтуге болады. Бірақ, егер сіз қысқа мерзімде тексеруден өткіңіз келсе, онда ол үшін ҰҒОО базасында «Әйел денсаулығы» Check-up бағдарламасы іске қосылған. Бағдарламаға гинекологиялық және онкомаммологиялық бейіндегі мамандардың консультациясы, сондай-ақ диагностиканың зертханалық және аспаптық әдістерінің кең тізбесі кіреді. Сіз өзіңіздің денсаулығыңыздың жай-күйі туралы ақпарат ала аласыз, ауруларды ерте кезеңдерде анықтай аласыз, қажет болған жағдайда тиімді емдеуді таңдап, асқынулардың дамуына жол бермейсіз», - деп айтып берді Динара Саменова.
Екі күн бойы Ашық есік күні ҰҒОО дәрігерлері 36 әйелді тексерді. Сүт безі обырына күдікпен 2 жағдай, 4 өскін және тағы 14 әйелде сүт бездерінің басқа патологиялары анықталды. Айта кету керек, патология ҰҒОО-ға Ашық есік күні жүгінген әйелдердің 55%-ында анықталды.
Қатерлі ісіктердің пайда болу қаупін едәуір азайту үшін алдын-алу шаралары ретінде қарапайым, бірақ тиімді ережелерді сақтау қажет: жаман әдеттерден бас тарту, өзін-өзі тексеру, профилактикалық тексерулер мен скринингтік бағдарламалардан уақтылы өту.20 ч.Ответить