Бүгін 12 ақпанда Даниялық протон терапиясы орталығының (ДПТО) өкілдерінің Ұлттық ғылыми онкология орталығымен ынтымақтастық мәселелері бойынша онлайн кездесу өтті. Іс-шараны ҰҒОО стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық бөлімі ұйымдастырды.
Дания жағын ДПТО медициналық директоры, профессор Мортен Хойер, ДПТО бас физигі Оле Норреванг, ДПТО коммуникациялар жөніндегі маманы Саймон Бертелсон таныстырды.
Кездесудің күн тәртібінде - Даниялық протон орталығы мен Ұлттық ғылыми онкология орталығының ынтымақтастығы туралы меморандум жасасу, сондай-ақ «Болашақ» халықаралық бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын ДПТО базасында отандық онкологиялық қызметтің техникалық бейіндегі мамандарын даярлау.
Оқыту ҰҒОО базасында салынып жатқан протондық терапия, ядролық медицина және сәулелік терапия орталықтарын инженерлік-техникалық бейіндегі білікті мамандармен (физик-дозомитристтер, ядрошылар, химиктер және т. б.) қамтамасыз ету үшін жоспарланған.
Даниялық протон орталығы - қазақстандық инженерлер оқудан өтетін базалық орталық болып табылады. Клиниканы таңдау протондық және ядролық медицина орталықтары, сәулелік терапия бөлімшесі жабдықталған Varian Medycal Systems компаниясының жоғары технологиялық жабдықтарын сәтті қолдану тәжірибесінде негізделген.
Кездесу барысында тараптар орталықтардың қызметімен танысып, даму перспективаларымен бөлісті және меморандум жасасу туралы келісімге келді.