21 қазанда бүкіл әлемде атап өтілетін сүт безі обыры туралы хабардарлық күні жақындап келеді. Бұл күні Ұлттық ғылыми онкология орталығының мамандары халықтың хабардарлығын арттыру, сүт безі обырының алдын алу және ерте диагностикалау бойынша түрлі акциялар өткізеді.
Бұл іс-шаралардың мақсаты - әйелдердің денсаулығын жоғалту сияқты сүт безі ауруының өсуіне қоғамның назарын аудару, сүт безі обырын емдеуде диагностиканың заманауи әдістері мен медицина жетістіктеріне қоғамның назарын аудару, әйелдердің профилактикалық тексерулерге қатысуын жандандыру.
Қазақстанда жыл сайын сүт безі обырының 5 мыңға жуық жаңа жағдайы анықталады.Әйелдер арасында онкопатология құрылымында обырдың бұл түрі бірінші орын алады және әйелдердегі барлық қатерлі ісіктер санының 27%-дан астамын құрайды.
ҰҒОО-ның іс-шаралар жоспарына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының жоғары оқу орындарында сүт безі обырының алдын алу және ерте диагностикалау туралы дәрістер сериясын өткізу жоспарланған, өйткені жас ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту қазіргі заманның маңызды және күрделі міндеттерінің бірі.
Биылғы ақпараттық науқан 30 қыркүйекте басталды, алғашқы дәрістің тыңдаушылары Астана медицина университетінің студенттері болды. Жоғары білікті санатты онколог-маммолог дәрігері, ҰҒОО көпбейінді хирургия орталығының аға ординаторы Д.Е. Саменова өз денсаулығын сақтау үшін профилактикалық тексерулерді, соның ішінде скринингті елеңсіз қалдырмауға шақыра отырып, тәуекел факторлары, алдын алу және ерте диагностикалау әдістері, сондай-ақ сүт безі обырын емдеу туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Қазан айы бойында олар сүт безі обыры туралы хабардарлығын арттырады және біздің қаламыздың тағы 5 жоғары оқу орнының студенттері өз денсаулықтарына ұлы құндылық ретінде қарауды үйренеді. Кім хабардар –сол қарулы, өйткені онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау аурудың қолайлы болжамы мен оны сәтті емдеудің негізгі шарты болып табылады.