Вирустық гепатит туралы хабардарлықты арттыру мақсатында – бауырдың ауыр ауруы мен гепатоцеллюлярлық карциноманы тудыратын бауырдың қабыну зақымдануы. Биыл "Гепатитпен күресті кейінге қалдыруға болмайды" ұранымен өткізіледі.
⠀
ДДҰ деректері бойынша В және С гепатитінің ең көп таралған түрлері жыл сайын 1,1 млн.адамның өмірін қиып, 3,0 млн. жаңа пациентке әсер етеді.
⠀
Вирустық гепатитті жұқтыру әртүрлі жолдармен жүреді. А және Е гепатитінің вирустары негізінен ластанған су, тамақ және лас қол арқылы беріледі. В, С және D гепатиті вирустарының берілуі қан арқылы (есірткі құралдарын инъекциялық енгізу кезінде, татуировка жасау, пирсинг, косметикалық, маникюр, педикюр және тері мен шырышты қабықтардың тұтастығын бұзумен байланысты басқа да рәсімдерді жүргізу кезінде зарарсыздандырылмаған құралдарды пайдалану кезінде), сондай-ақ босану кезінде жұқтырған анадан балаға беріледі.
⠀
⚜ Гепатиттен қалай қорғану туралы ұсыныстар:
💉 А, В ГЕПАТИТІНЕ ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ ЖАСАҢЫЗ
🚿 жеке гигиена ережелерін сақтаңыз (тек өзіңіздің тіс щеткаңызды тарақты, жуғыш затты қолданыңыз)
♥️ кездейсоқ жыныстық қатынас кезінде презервативті қолданыңыз
🩺 қолданылатын медициналық құралдардың стерильділігін қадағалаңыз.
⠀
⚠️ Осы ұсыныстарды сақтай отырып, Сіз өзіңіздің жақындарыңыз арасында гепатиттің таралуының алдын ала аласыз.
⠀
Өзіңізді қорғаңыз және сау болыңыз!