Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Ағымдағы жылдың 11 қаңтарынан 23 ақпанына дейін Жапония Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) гранты шеңберінде Ұлттық ғылыми онкология орталығының медициналық жабдықтарды пайдалану бөлімінің бастығы Ақылбек Дощанов JICA Tohoku Center орталығында оқудан өтуде. Ақылбек Дощанов – Жапонияда оқитын Қазақстаннан келген үш инженердің бірі. Тағы екі әріптес-елордалық және өңірлік клиникалардың аралас құрылымдарының мамандары.

Сабақтар заманауи медициналық техниканы пайдалану және қызмет көрсету дағдыларын арттыруға арналған. Медициналық жабдықты тиімді басқару және оған техникалық қызмет көрсету сапалы медициналық қызмет көрсету үшін өте маңызды.

Бұл оқу курсы медициналық жабдықтарға қызмет көрсетуге жауапты инженерлерге өз дағдыларын, білімдерін арттыруға және күрделі медициналық жабдықтарды тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді

16023

16024

16021