Қахарман Есмембетов, м.ғ.к., Германиядағы Аахен университеттік клиниканың гепатолог-гастроэнтеролог дәрігері, GHTG.KZ вице-президенті, ҰҒОО құрметті профессоры:
- Бүкіл әлемде 500 млн-ға жуық адам тұратын созылмалы вирустық гепатиттермен ауыратын науқастардың едәуір санын ескере отырып, осы ауруларды скрининг және вирусқа қарсы терапия бойынша жаһандық іс-шаралар жүргізу қажет. Осы мақсатта ДДҰ бүкіл әлемде С вирустық гепатитін жою жөніндегі жаһандық бағдарламаны бекітті.
Өлім себептерінің арасында бауыр аурулары алғашқы он аурудың қатарына жатады. Өлім құрылымында айтарлықтай салмағы бар ас қорыту жолдарының аурулары құрылымында бауыр аурулары, атап айтқанда бауыр циррозы бірінші орын алады. Бауыр циррозының себептерінің арасында вирустық гепатит, бауырдың алкогольді және алкогольсіз майлы зақымдануы, сондай-ақ бауырдың аутоиммунды және метаболикалық аурулары жетекші орын алады.
Сюжетті "Хабар" телеарнасы "Қорытынды жаңалықтар" бағдарламасынан толығырақ келесі сілтеме бойынша қараңыз: https://youtu.be/4ltDlnZlkBk