Құрметті достар!
Бүгін біздің еліміз Астана күнін атап өтуде. Жыл сайын бұл мемлекеттік мереке 6 шілдеде атап өтіледі.
Біздің жаңа елордамыздың Қазақстанның жүрегінде құрылуы тәуелсіздіктің бүкіл тарихының алтын беті болып табылады және оны құру идеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.
1999 жылы жас Астана ЮНЕСКО шешімімен "Әлем қаласы" атанды. 2019 жылы Қазақстанның елордасы Астана Нұр-сұлтан деп аталды.
Биыл Астана күнін мерекелеу ерекше маңызға ие, себебі ол ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында өтуде.
Осы жарқын мерекеде Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы сіздерді Астана күнімен құттықтайды және баршаңызға Отанымыз - Қазақстан Республикасының игілігі үшін бейбітшілік, жақсылық, амандық және жаңа жетістіктер тілейді!