Қазақстанда алғаш рет синтетикалық протезбен бауыр трансплантациясы жасалды. Науқастың бауыры ғана емес, бұл ағза мен жүректі жалғап тұрған қан тамырлары да ауыстырылды. Табиғи тамыр орнына жасанды қан өткізгіштер қойылды. Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының мамандары күрделі операцияны сәтті аяқтады.
🔹 Селвакумар Наганахан, үндістандық дәрігер:
- Мен осыған ұқсас 20-дан астам операцияға қатыстым. Мұның қиындығы жүрек қызметі мен жүрек-өкпе айналымын уақытша тоқтату керек. Ол үшін бізге кардиохирургия орталығының мамандары көмекке келді. Қазақстандағы алғашқы жұмыс сәтті аяқталды. Енді тұрақты түрде жасауға болады.
Үндістандық маманның сөзінше, ол жақта жылына 3 мыңдай бауыр трансплантациясы жасалады. Қазақстанда да бауыр дертіне шалдыққандар көп. Ауру алғашында білінбейтіндіктен, олар көбіне дәрігерге кеш қаралады.
🔹 Тоқан Сұлтаналиев, медицина ғылымдарының докторы:
- Қазақстанда эпидемиологический регион дейді. Бізде ветеринарлық жұмыстар қазір онша жөнді жұмыста емес. Эхинококк, альвеококк олар көбінесе түлкіде, итте болады. Солардан адамға жұғады. Ветеринарный служба соның жұмысы көтеріп, аңдардың санын азайтып, солардан емдеу керек меніңше.
Басқа ағзаларға қарағанда бауырды ауыстыру қиын. Басты мәселе донор жетіспейді. Өйткені, қан тобы сәйкес келуі керек. Бірақ, қазір қан тобы басқа болса да, бауырды ауыстыру мүмкіндіктері қаралып жатыр,-дейді мамандар. Ал, қайтыс болған адамның ағзасын алу үшін туысының рұқсаты керек. Бұл жұмысты созбалаңға салады, оның үстіне көбі келіспейді. Сол себепті, былтыр 2 операция ғана жасалса, биыл 1-ақ адамның бауыры ауыстырылған.
Ал, Мөлдір сияқты 350 адам кезекте тұр.
Амангелді Сейітхан Жасұлан Жақсай
https://qazaqstan.tv/news/173091/