Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Бүгін ҰҒБО Басқарма Төрағасы Ж.Бүркітбаев Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 20 тамыздағы № 387 Жарлығына сәйкес салтанатты жағдайда гепатобилиарлық хирург-дәрігер Асан Айтмұқашұлы Жексенбаевқа, Басқарма Төрағасының медициналық қызмет жөніндегі орынбасары Әділбек Қайырбекұлы Мұқажановқа, Басқарма Төрағасының әкімшілік-құқықтық және қаржы-шаруашылық қызмет жөніндегі орынбасары Қанат Сыздықұлы Сатыбаевқа "Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл "мерейтойлық медалі" мемлекеттік марапаттарды табыс етті.

Марапаттар пандемия кезінде ерекше көзге түскен қызметкерлерді көтермелеу үшін тағайындалды.

Біздің кейіпкерлерімізді марапаттарымен құттықтаймыз және зор денсаулық пен жұмыста табыс тілейміз.