Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

77084250711 87172702 911 87172702 900 г.Астана улица Керей Жанибек хандар 3. 1 

Хабарлама

 

Сенбі, 4 наурыз күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін астаналықтар мен қала қонақтарына арналған Ұлттық ғылыми онкология орталығының  клиникалық-диагностикалық орталығында жатыр мойны обыры мен ісікке дейінгі ауруларды ерте анықтау бойынша Ашық есік күні өтеді.

 

 

Акция жатыр мойны обырының дамуының негізгі себебі болып табылатын адам папилломавирусымен күресудің Дүниежүзілік күні аясында өткізіледі.

 

Ашық есік күні кезінде қол жетімді (ТЕГІН):

- онкогинеколог дәрігердің кеңесі;

- онкоцитологияға жағынды алу (қажет болған жағдайда).

 

Сапалы және уақтылы кеңес алу үшін Сізге қажет:

Сall-орталықтың 8-7172-702-911, 8-7172-702-900 телефоны бойынша онколог-гинеколог дәрігерге алдын ала жазылу және қабылдау уақытына кешікпей келу ☝;

жазылу жұмыс күндері жүргізіледі (дүйсенбі- жұма) сағат 8: 00-ден 17:00-ге дейін;

еріп жүрушілердің, әсіресе балалардың санын азайтуды сұраймыз;

 

егер Сізде ЖРВИ белгілері болып, өзіңізді  нашар сезінсеңіз, Ашық есік күні дәрігерге барудан бас тартыңыз, өйткені жоғары температурасы бар адамдарды  Ұлттық ғылыми онкология орталығының клиникалық-диагностикалық орталығына кіруге  рұқсат етілмейді;

өзімен бірге жеке куәлігі және алдыңғы тексерулердің нәтижелері болуы қажет (олар болған жағдайда).

 

Кез келген қатерлі ісік диагностика мен емдеуде уақыт күтпейді!

 

 Егер Сізді күдік немесе күмән мазаласа, дереу дәрігерге қаралуға кеңес береміз.

Ауырмаңыз!