Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Гүлбаршын Қайырбекқызы Әшімханова, ҰҒОО Трансфузиология орталығының мейіргері:

- Топтары және резусы әр түрлі қан және оның компоненттері жеке тоңазытқыштарда (мұздатқыштарда) немесе бір тоңазытқышта (мұздатқышта) жеке сөрелерде сақталады. 

«Суықтық тізбекті» сақтау:

🔸️Эритроцитті жүзінді +20С ден +60С -ге дейінгі температурада тігінен сақталады. Сақтау мерзімі гемакон құрамындағы консерватқа байланысты

🔸️Жуылған эритроциттер +20С ден +60С температурада 24 сағатқа дейін, тігінен сақталады

🔸️ Сәулеленген эритроциттерді сақтау мерзімі - +20С ден +60С температурада сәулелену сәтінен бастап 10 күн сақталады

🔸️Тромбоциттер концентраты - үнемі шайқалған күйде, тромбомиксері бар термостатта +200С-+220С температурада 72 сағатқа дейін сақталады.

🎯 Жаңа мұздатылған плазманың барлық түрлерін -250С - -350С температурада сақтау мерзімі 36 айды құрайды. ЖМП -180С -250С температурада сақтаған кезде плазма 3 айдың ішінде пайдаланылады.

🔹️Криопреципитатты сақтау температурасы -250С -350С дейін сақтау мерзімі 36 айды құрайды, -180С-250С температурада сақтаған кезде 3 айдың ішінде пайдаланылады. 

✔️Резервтік қордың көлемі мынандай мөлшерде болуы тиіс:

Эритроциттік жүзінді: 

  • • О бірінші, оң резусты – 5-6 доза;
  • • А екінші, оң резусты – 5-6 доза;
  • • В үшінші, оң резусты – 5-6 доза.

❗️АВ төртінші, оң резусты және резусы теріс қан компоненттері бөлімшеде сақталмайды және тек дәрігердің тағайындауы бойынша ғана тасымалданады.

Резервтік қор сақтаудағы тромбоциттердің қажетті саны құрылымдық бөлімшелердің дәрігерлерімен келісіледі.

➡️ Ескертпелер:

Ережелерді сақтау асқыну мүмкіндігін болдырмайды.

2) Егер гемолиз белгілері болса: түсінің өзгеруі;

бактериялық залалдануға күдік тудыратын белгілер;

гемаконның бүтіндігінің бұзылуы; фибрин жіптері;

жасушалық агригаттар немесе суық агглютининдер

болса гемаконды құюға болмайды.

 

 

 

 

 

и ещё 5