11-22 сәуір аралығында ҰҒОО тамыр хирургиясы орталығының меңгерушісі Ерлан Сағандықов іссапармен өңірлерге шықты. 5 қалаға барды: Қостанай, Көкшетау, Орал, Атырау, Ақтау.
Барлық өңірлерде 40-тан 70-ке дейін пациентке тексерістер мен консультациялар жүргізілді.
Тамыр хирургиясы бөлімшелерін аралады. Аудандық ауруханалармен ҰҒОО қызметі, Тамыр хирургиясы орталығы, технологиялар, ҰҒОО-да орындалатын операциялар туралы ZOOM арқылы бейнеконференциялар жүзеге асырылды.
Сонымен қатар баяндамалар ұсынылды:
«Тамыр хирургиясының өзекті мәселелері»;
«Созылмалы тамыр ауруларын емдеу»;
«Көктамыр тромбоздары, көктамыр тромбоэмболиялық асқынулары және онкоассоциацияланған тромбоздар кезіндегі антикоагулянттық терапия принциптері».