Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

6 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық ғылыми онкология орталығы базасында Парламент Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменованың төрағалығымен және Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова, ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік - мәдени даму комитетінің мүшелері - депутаттар:
Павловец Лариса, Нұрымова Гульдара, Камасова Зарина қатысуымен "AMANAT" партиясы филиалы жанындағы Ұлт денсаулығы және білім беру мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің кезекті көшпелі отырысы өтті.

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрлері: Жандос Бүркітбаев пен Вячеслав Дудник, Ұлттық ғылыми онкология орталығының Басқарма төрағасы Гүлнара Құлқаева баяндама жасады.

Отырыста денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер, партияның Жол картасы тармағын іске асыру аясында ҰҒОО жаңа корпусының құрылыс барысы қаралды.

Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа корпусының құрылысы стратегиялық және әлеуметтік маңызы бар жоба. Оның мақсаты - қазақстандықтарға жоғары технологиялық медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Болашақта Ұлттық ғылыми онкология орталығы Орталық Азия елдеріндегі онкология саласындағы жетекші халықаралық орталыққа айналады. Оған ғылыми зертханалар, оқу және клиникалық мекемелер, озық технологиялар, радиациялық, лазерлік, протондық және ядролық медицина бөлімдері кіреді.

Мультидисциплинарлық тәсіл негізінде пациенттер шетелге шықпай, ерте диагностикадан бастап жоғары технологиялық емдеу мен оңалтуға дейін Қазақстанда медициналық көмектің толық спектрін ала алады.