Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

 

Органды донордан алып реципиентке салудың өзіндік уақыты бар. Ағза алынған кезде оны салғанға дейінгі ең шыдамды орган - бүйрек. Трансплантациялау уақыты қаншалықты тез болса, соғырлым органның жаңа ағзадағы өміршеңдігі ұлғаяды.

- Бүйрек организмнен алынғаннан кейін 24 сағат ішінде салынуы керек;

- Бауырдың максималды мұзды ортада консервациялық сақталу ұзақтығы 10 сағат;

- Жүрек пен өкпе негізінен 4 сағатта трансплантациялануы керек. Дегенмен Қазақстанның бүгінгі жетістігінің бірі орган сақтау ұзақтығын арттыра алды. Жүрек пен өкпені 10 сағаттан артық сақтай алады, трансплантация жасағанда хирургиялық және иммунологиялық жағынан күрделі органдар бар.

Хирургия отасы бойынша – бауыр, иммунологияда бүйрек трансплантациясы қиын болып есептеледі. Аталмыш отадан кейін науқастың реабилитациясы ұзақ мерзімді қажет етеді, мәйіттік донорлық пациентке бас ми өлімі тіркелгеннен кейін белгіленеді.

Бүкіл әлем бойынша органдардың донорлық процесі іс жүзінде бірдей, яғни мидың өлу белгілері пайда болған кезде дәрігерлердің консилиумы мидың өлімін бекітеді. Бас ми өлімін диагностикалау 6-24 сағат ішінде жүргізіледі.

Ұлттық ғылыми онкология орталығы ағза трансплантациясы секторының Аға ординаторы алдағы бес жылда трансплантацияның көрсеткіштерін арттырамыз дейді. Яғни елімізде белгілі бес органнан бөлек жатыр, ас ішек, ұйқы без органдарының трансплантациясы жасалмақ.

Дүние жүзінде буын, тері органдары да трансплантацияланады. Реципиент жұбын таңдау кезінде қан тобы, резус-фактор, бойы мен салмағы ескеріледі. Сонымен қатар, донор мен реципиенттің өзара үйлесімділігін анықтау үшін қан жасушаларымен кросс-матч сынағы алынады. Донорлық органдардың тапшылығы болған кезде донорлық органдар ешкімге сәйкес келмейтін жағдайлар болмайды, - дейді онколог, хирург, трансплантолог дәрігер Мэлс Асықбаев.

Ұлт денсаулығын сақтап қалу үшін қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты қолға алу керек.

Толығырақ сілтеме арқылы оқыңыздар: https://el.kz/qazaqstanda-mayit-donorlygy-damymay-tur_64675/

15022

15023