Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

 

Ұлттық ғылыми онкология орталығының маманда­ры бастап, Үндістаннан келген тәжірибелі дәрігер Сельвакумар Наганатхан, «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Ю.Пя, кардиохирург Т.Леспеков және анестезиолог И.Вахрушев бірлесіп, «Back table» диафрагмасының бір бөлігін резекциялау арқылы «Гепатэктомия» операциясын жүргізді. Мұндай операциялар тек жоғары мамандандырылған орталықтарда өтеді. Өйткені операцияға тәжірибелі, көпсалалы мамандар шақырылады.

Осы жолы бауыр трансплантациясына қатысты операция Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының базасында өтті.

Науқастың көрер жарығы бар екен, осы тұста Ұлттық ғылыми онкология орталығы, Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы және Үндістан мамандарының тобы бірігіп науқасты аман алып қалудың қамына кіріскен. Пациенттің деректерін зерттеу барысында паразиттің жүрекке тарала бастағаны анықталған.

Онкология орталығында күні бүгінге дейін 70-тен аса бауыр трансплантациясы жасалыпты.

Соған қарамастан бауыр трансплантациясы қазір сирек жасалады. Себебі белгілі, елде мәйіттік тарансплантация дамымаған. Тек 2017-2018 жылдары осы бағытта ілгерілеу байқалғанымен, коронавирус пандемиясынан кейін көрсеткіш едәуір төмендеген. Мысалы, былтыр бауыр трансплантациясы екі мәрте мәйіттік донордан жасалған. Ал туыс­тық трансплантация бойынша донорлардың көрсеткіші науқасқа келе бермейді. Өйткені донордан бауырдың 60 пайызын бөліп алу қажет.

Толығырақ сілтемеден қараңыздар:

 https://egemen.kz/article/338963-undistandyq-darigerdinh-komegi