Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

21 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласындағы ҰҒОО-ның клиникалық-диагностикалық орталығында қалқанша без ауруларын ерте диагностикалауға арналған Ашық есік күні өтеді. Бұл күні Орталықтың жетекші онкоэндокринологтарынан кеңес алуға, сондай-ақ ультрадыбыстық диагностикадан өтуге болады

 

Бүгінгі таңда қалқанша безінің обыры эндокриндік жүйенің ең көп таралған қатерлі ауруларының бірі болып табылады. Жыл сайын әлемде ол 122 мыңға жуық адамда, ал біздің елде - 612 адамда анықталды. Ауру кез-келген жаста диагноз қойылуы мүмкін, бірақ көп жағдайда 30 жастан асқан адамдарда кездеседі, ал әйелдер еркектерге қарағанда 2-3 есе жиі ауырады.

Қалқанша безінің обыры, басқа қатерлі процестер сияқты, бастапқы кезеңде мүлдем симптомсыз болады және ультрадыбыстық зерттеу кезінде қалқанша безінде түйін түрінде кездейсоқ анықталады. Бүгінгі таңда диагностиканың бұл әдісі ең дәл болып саналады. Оның көмегімен қалқанша безінің құрылымындағы ең кішкентай өзгерістерді де бағалауға болады. Сондықтан ерте диагностика ауыр қатерлі процестің дамуына жол бермеу үшін өте маңызды.

Ашық есік күні сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша өтеді: Нұр-Сұлтан қаласы, Керей, Жәнібек хандар көшесі, 3 (емхана жағынан кіру) және қабылдау уақытына келу керек. 

Өзіңізбен бірге жеке куәлік және алдыңғы тексерулердің нәтижелері (олар болған жағдайда) болуы қажет.

Call-орталықтың нөмірі бойынша алдын ала жазылу: 8 (7172) 702-901, 702-900. 

 

 

ҰҒОО жұртшылықпен

 байланыс қызметі,

тел. 8778-700-43 24