Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

 

Келер жылдан бастап елімізде жасөспірім қыздарды адам папилломавирусына қарсы вакциналау басталады. Аталмыш екпе әйелдер арасында ең жиі таралған онкологиялық аурулардың бірі – жатыр мойыны ісігінен қорғауға көмектесетін бірден-бір тиімді амал болғалы отыр.

Былтыр елімізде 100 мың адамға шаққанда жатыр мойыны қатерлі ісігіне шалдығудың 9,4 дерегі тіркелген. 2021 жылы бұл көрсеткіш 8,9 болған.

Көбіне 35 пен 65 жас аралығындағы әйелдер жатыр мойыны ісігіне шалдығады, сондықтан 30-70 жас аралығындағы әйелдер скрининг өтуге міндетті. Біздің пациенттеріміздің орташа жасы 48-50-ге құрайды. Жатыр мойыны ісігіне шалдыққан пациенттердің өлім көрсеткіші 100 мыңға шаққанда 3,1 жағдайды құрайды», – дейді, онкогинеколог дәрігер Аида Шакирова.

Толығырақ сілтеме арқылы оқыңыздар:
https://aikyn.kz/246568/katerli-isikten-saktaytyn-ekpe/