2020 жылдың 4 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығында «Мен бармын, және мен бар боламын!» Дүниежүзілік онкологиялық аурулармен күрес күніне арналған Ашық есік күні өтті.
Биылғы жылы онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі халықаралық одақтың 4 ақпан Дүниежүзілік обырмен күрес күнін жариялаған күнінен 20 жыл толды.
Іс-шараның негізгі мақсаты: қоғамның назарын онкологиялық ауруларды ерте диагностикалауға аудару, алдын алу әдістері мен әр түрлі обыр түрлерін емдеудегі медицинаның соңғы жетістіктері туралы айту.
Акция барысында Орталықтың келушілері УДЗ, рентген, эндоскопия диагностикасын тегін өтіп, онколог, онкохирург, онкогинеколог дәрігерлерден консультация алды.
Әлемдік деректер бойынша дамыған елдер халқының 1%-ке жуығы қатерлі ісіктер диагнозына ие. Қазақстанда бұл көрсеткіш онкологиялық аурулардың өсу үрдісі бар халық санының 0,92% құрайды. Сырқаттанғандардың 60% -ке жуығы еңбекке қабілетті 18-ден 63 жасқа дейінгі халық болып табылады. Онкологиялық аурулар құрылымында бірінші орынды сүт безі обыры (12,6%), екінші орынды – өкпе обыры (9,9%), үшінші орынды – асқазан обыры (7,4%), жатыр мойны обыры және тоқ ішек обыры (4,7%) иеленді.
Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімді төмендету - басым мемлекеттік міндеттердің бірі. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында Тұңғыш Президент Н. Назарбаев озық халықаралық тәжірибе негізінде обырды жоғары тиімді ерте диагностикалау мен емдеуді енгізу қажеттігін атап өтіп, аурулардың алдын алуға ерекше назар аударды.
Тек ерте диагностика онкологиямен күресу мүмкіндігін айтарлықтай арттыратынын есте сақтау қажет, сондықтан қатерлі патологияларды уақтылы анықтау үшін тұрақты негізде тексеруден өту маңызды.
Іс-шараны қолдады: Нур-Отан, НЦОЗ
Іс-шараны ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық ғылыми онкология орталығы.
Акцияның серіктестері: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы.