Медицина қызметкерлерінің күнін мерекелеу алдында Ұлттық ғылыми онкология орталығында Орталықтың еңбегі сіңген қызметкерлерге ведомстволық марапаттаулар, құрмет грамоталары мен алғыс хаттары берілді.
«Еңбек ардагері» медалімен Гепатопанкреа-тобилиарлық хирургия және өкпе трансплантациясы орталығының гепатобилиарлық хирург дәрігері А.А.Жексембаев, операциялық блоктың операциялық мейірбикесі Л.С. Өтебаева марапатталды.
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен Урология, нефрология және бүйрек трансплантациясы орталығының нефролог дәрігері Ж.А. Әбішева, Цитологиямен патоморфология орталығының патологоанатом дәрігері К.Ш. Букеева, Онкогематологиялық реанимация бөлімшесінің меңгерушісі Е.А.Меренков, Онкогепатология және гастроэнтерология орталығының аға мейірбикесі З.Т.Жәкенова, Реанимация және қарқынды терапия орталығының реаниматолог дәрігері Т.С.Теміров марапатталды.
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен Ортопедия және остеоонкология орталығының травматолог-ортопед дәрігері С.Д. Әлмежанов, Ультрадыбыстық және функционалды орталықтың УДЗ дәрігері Ж.К. Қозыбаева, Көп бейінді хирургия орталығының онкоколопроктолог дәрігері М.А.Мамлин, Менеджмент және мейірбике ісін дамыту департаментінің жетекшісі А.А. Мұхамедғалиева, Менеджмент және мейірбике ісін дамыту департаментінің бас мейірбикесі С.А.Салқымбаева белгіленді.
Көптеген қызметкерлер Денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтың, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгіновтің және ҰҒОО басшысы Ж. Бүркітбаевтың атынан мақтау грамоталарымен және алғыс хаттарымен белгіленді.
Медицина қызметкерлердің маманы әлемдегі ең игілікті және адамгершілікті, сонымен бірге ең қиын мамандарының бірі болып табылады. Осы маманды өмірде жеңіл жол іздейтіндер таңдамайды, өйткені кәсіптіліктің деңгейі пациентті сауықтыру болып табылады.
Барлық медицина қызметкерлерін кәсіптік мерекемен құттықтаймыз! Сіздердің міндеттеріңіз еліміз үшін қиын уақытта ерекше маңызды! Игілікті еңбегіңізде жаңа табыс тілейміз, армандарыңыз орындалсын, бақыт, амандық және денсаулық тілейміз!
ҰҒОО әкімшілігі