Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеудің ғылыми-практикалық аспектілері" халықаралық конференциясы 8-9 желтоқсанда Rixos President Astana-да (Қонаев көшесі) өтеді.

Іс шарада Ұлттық ғылыми онкология орталығы Ресей, Жапония, Корея, Түркия және Франция елдерінен келген әріптестерімен бірге онкология және телекөпір саласындағы соңғы әзірмелер мен тиімді технологияларды ұсыну тәжірбиелерінің тұсаукесері өтпек!

 

Онкология аурулары әлемдік медициналық қоғамдастықтың қызметінде ерекше орын алатыны сөзсіз. Дәрігерлердің күнделікті тәжірибесіне мультидисциплинарлық және шағын фокус принциптерін белсенді енгізу онкологиялық науқастарды диагностикалау және емдеу жоспарын тиімдірек құруға көмектесе, ал білім деңгейін үнемі арттырып отыру мамандардың жұмыс нәтижелерінің жақсаруына өз септігін тигізеді.

8-9 желтоқсанда өтетін конференция Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Ұлттық ғылыми онкология орталығының, "Маммологиялық онкологтар қоғамы" қоғамдық бірлестігінің, Онколог хирургтардың қоғамдық бірлестігі, Nagasaki University, 4 surgeons club, Hiroshima University и Nazarbayev University қолдауымен ұйымдастырылады.

Кездесу барысында Қазақстанның онкологиялық қызметінің "постковидтік дәуірдегі" басты сын-қатерлері мен трансформациялары қаралатын болады. Дәріскерлер дәрілік терапияға және онкологиялық патологияларды диагностикалауға жаңа тәсілдерді ұсынбақ. Фокуста: сүт безі қатерлі ісігі, онкогинекология, бірнеше миелома, бас және мойын ісіктері, іштің онкологиясы, онкоурология, онкогематология, онкогепатология, паллиативті медицина назарға алынбақ.

Іс-шарада клиникалық жағдайларды талдау, клиникалық ұсыныстарды талқылау және пленарлық отырыс өтпек.

Іс-шара бағдарламасы дәрігерлердің кең ауқымы: онкологтар, химиотерапевттер, сәулелік терапевттер, рентгенологтар, радиотерапевттер, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар, медбикелер, маммологтар, гинекологтар, урологтар, колопроктологтар, гематологтар, гепатологтар, гастроэнтерологтар, эндоскопистер, Ультрадыбыстық диагностика мамандары және барлық мүдделі тұлғаларға арналған.

Қатысу тегін.

Тіркелу 2 желтоқсанға дейін ашық, асығыңыз: https://clck.ru/32iKhz

БАҚ өкілдерін аккредиттеу мәселелері бойынша: Алуа Жарылқасынқызы Мырзаханова, +7778 700 4325, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..
Ұйымдастыру мәселелері бойынша: Әйгерім Сипенова, ғылым бөлімінің бас маманы, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., +77712787535.