Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық ғылыми онкология орталығы базасында алғаш рет трансплантолог-хирургтар туыстық донордан бүйрек трансплантациясын сәтті орындады.

Бұл – АВ0 сәйкес келмейтін бүйрек трансплантациясы әлемнің кейбір елдерінде жүзеге асырылады, бірақ аз мөлшерде.

Бүйрек трансплантациясы созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысы бар пациенттер үшін бүйректі алмастыратын терапияның оңтайлы әдісі болып табылады, алайда емдеудің осы әдісінің таралуы барлық елдерде бар донорлық органдардың тапшылығымен айтарлықтай шектелген.

Тірі донордан бүйрек алмастыру - бұл мәселені жеңудің нақты жолдарының бірі.

 

2022 жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 3 566 пациент донорлық органдарды трансплантациялауды қажет етеді, оның ішінде - 77 бала. Ағза алмастыруға мұқтаждар саны:

- бүйрекке мұқтаж, 3 154 ересек адам, балалар -60;

- бауырға мұқтаж, 169 ересек, балалар -8;

- өкпеге мұқтаж, 17 ересек адам, балалар-0;

- жүрек, 147 ересек адам, балалар - 6;

- 2 ересек адамға, 3 балаға "жүрек-өкпе" бірге қажет.

Бірнеше сағатқа созылған операция барысында 35 жастағы науқасқа донорлық орган сәтті трансплантацияланды.

Ш. есімді науқас "5-ші сатыдағы созылмалы бүйрек ауруы" диагнозымен келіп түсті, екі жыл бойы бағдарламалық гемодиализде болды. Бұл реципиентте қан тобына сәйкес келмейтін донор болды. Десенсибилизациялаушы ем жүргізгеннен кейін пациентке туыстық донордан бүйрек трансплантациясы жасалды.

"Донор-реципиенттің" жай-күйі қанағаттанарлық. Бүгін реципиент үйіне шығарылды, амбулаториялық бақылауда болады.

Бұл технология біздің органдарды трансплантациялау орталығында дамитын болады.