Бүгін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Вице-министрі Вячеслав Дудник Ұлттық ғылыми онкология орталығына жұмыс сапарымен барды. Оған ҚР ДСМ медициналық көмек көрсету департаментінің директоры Азамат Дүйсенов, Басқарма төрағасы Гүлнар Құлқаева және оның орынбасарлары, ҰҒОО клиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері ілесті.
Бұл Орталық әлемдік стандарттарға сай келетін ең заманауи республикалық институт болып табылады. Орталық заманауи жабдықтармен жабдықталған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетеді, стационарлық, стационарды алмастыратын түрдегі мамандандырылған медициналық көмек, онкогематологиялық науқастарға медициналық көмек, онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетеді.
Қазіргі уақытта Ұлттық ғылыми онкология орталығында 286 төсек-орын бар, оның ішінде 235 төсек-тәулік бойы стационар және 51 төсек-күндізгі стационар; ақылы медициналық қызмет көрсету үшін 15 тәулік бойы төсек және 4 төсек-орын күндізгі стационар жұмыс істейді. 2022 жылдың І жартыжылдығында 4111 науқас емделді және тәулік бойғы стационарда 2663 операция жасалды.
Вячеслав Юрьевич параклиникалық және стационарлық бөлімшелердің жұмысымен және олардың жабдықталуымен танысты, ұжыммен әңгімелесті және жұмыстың күрделілігі мен осы бағыттағы ықтимал проблемалар туралы сұрады.
Сондай-ақ, талқылау барысында онкологиялық, онкогематологиялық және трансплантациялық қызметті ұйымдастыру, білім беру және ғылыми қызмет бойынша өзекті мәселелер айтылды.
Кездесу қорытындысы бойынша ҚР ДСМ-де мәселелерді одан әрі талқылаумен және ұсыныстарды шығарумен тереңірек талдау және зерделеу қажеттігі туралы шешім қабылданды.
Вице-министр Вячеслав Юрьевич Дудник онкология орталығының жұмыс деңгейін жоғары бағалап, ұжымға үлкен еңбек табыстарын тіледі.