Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту шеңберінде, 18 сәуірде Ұлттық ғылыми онкология орталығында Түркияның Стамбул қаласындағы "Anadolu Medical Center" клиникасының және ҰҒОО өкілдері арасында кездесу өтті.
"Аnadolu Medical Center" клиникасының тарапынан Халықаралық департамент басшысы - Гузаль Кескин, Қазақстан бойынша үйлестіруші - Элиза Оздемир және клиниканың Қазақстандағы өкілдігі басшысының м.а. Сәуле Омарова қатысты.


Кездесуде меморандум аясында одан әрі ынтымақтастық мәселелері, атап айтқанда клиникалық блок қызметкерлерін, орта персоналды оқытуды ұйымдастыру, сондай-ақ "Болашақ" білім беру бағдарламасы және басқа да бағдарламалар шеңберінде 2022-2024 жылдарға радиациялық онкология мен ядролық медицинаны енгізу саласындағы мамандарды даярлау мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша білім, ғылым және клиника саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру туралы шешім қабылданды.

18 04 2022 4

18 04 2022 2

18 04 2022 3