Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

   2 наурызда Ұлттық ғылыми онкология орталығы базасында «2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы» тақырыбында Орталықтың Басқарма төрағасы Гүлнара Құлқаеваның төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және «Нұр-Отан» партиясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өтті.     

  Аталған семинар-кеңес 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасының негізгі ережелері мен қағидаттарын, сондай-ақ қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті түсіндіруге арналған.     

   Іс-шараны аша отырып, ҰҒОО Басқарма төрағасы Гүлнара Құлқаева медициналық ұйымдардың әрбір қызметкері заңнама бұзушылықтарды барынша азайтуға бағытталған қабылданған заңдарды басшылыққа алып, сақтауы, сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыруда, жекелеген ұжымдарда ғана емес, жалпы қоғамда құқық бұзушылыққа жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау мен жоюда күш-жігерін біріктіруі тиіс екенін атап өтті.

     Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы Қуаныш Монолбаев қатысушыларға қоғамдағы басым міндеттердің бірі болып қала беретін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл туралы айтты. «Қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігі жүйелі және кешенді тәсілді талап етеді. Комплаенс қызметтерінің жұмысы, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру, сондай-ақ біз мемлекеттік органдардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарының қызметінің ашықтығын, айқындығын күшейту бойынша шаралар кешенін қабылдадық. Халықты БАҚ-пен өзара іс-қимылда осы саладағы қол жеткізілген нәтижелер туралы хабардар ету, аталған құбылысқа төзбеушілікті қалыптастыру ерекше бақылауда болуы тиіс», - деп атап өтті Қуаныш Бақтыбекұлы.

    Содан кейін, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асланбек Мағзұм сөз сөйлеп: «Мемлекет басшысы қойған міндеттер жүйелі түрде және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың барлық субъектілерінің өзара іс-қимылында шешілуі тиіс, жастар қоғамының белсенді қатысуын қамтамасыз ету, барлық тараптардың жауапкершілігін арттыру қажет», - деп баса айтты.

   Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық бұзушылыққа жол берген тұлғаны жедел ұстау бейнеролигі көрсетілді. 

     Семинар-кеңеске қатысушылар қызмет көрсетудегі тікелей байланыстарды болдырмау бойынша жүйелі кешенді шаралар өткізу туралы шешім қабылдады, бұл сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

    

 

 

 

02 03 2022 2 02 03 2022 3

 

02 03 2022 8

 

02 03 2022 9

 

02 03 2022 10