Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

2019 жылғы 03-06 қазан аралығында Ұлттық ғылыми онкология орталығы (Нұр-Сұлтан қ.) базасында «Әртүрлі локализация ісіктерінің радиожиіліктік абляциясы» атты халықаралық мастер-класс өтті.

Нұр-Сұлтан қ. Ұлттық ғылыми онкология орталығы қатерлі және қатерсіз ісіктері бар науқастарға мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек көрсететін емдеу медициналық мекемесі болып табылады.

Мастер-класстың мақсаты – заманауи ғылыми ақпаратпен алмасу және қатерсіз және қатерлі ісіктердің радиожиіліктік абляциясы саласындағы қазіргі теориялық және практикалық тәжірибені жинақтау.

Мастер-класс барысында келесі өзекті мәселелер талқыланды:

  • Тірек-қимыл аппаратының қатерсіз және қатерлі ісіктерінің радиожиіліктік абляциясы. Омыртқаға метастаздардың радиожиіліктік абляциясы.
  • Қалқанша безінің қатерсіз және қатерлі ісіктерінің радиожиіліктік абляциясы.
  • Бауырдың қатерсіз және қатерлі ісіктерінің радиожиіліктік абляциясы.
  • Варикозды ауру кезінде қатерсіз ісіктердің радиожиіліктік абляциясы.

Іс-шараға біздің Орталықтың, қалалық ауруханалардың және ҚР басқа қалаларынан келген тәжірибелі дәрігерлер, резиденттер, бөлімше басшылары қатысты.

Іс-шара барысында MD Dr. Batireedui Pure  қатысуымен Әртүрлі локализация қатерсіз және қатерлі ісіктердің радиожиліліктік абляциясы бойынша семинар-практикум өтті.

Анықтама ретінде: Доктор Batireedui Pure интервенциялық рентгенхирург, 13 жылдық практикалық тәжірибесі бар, ол 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін 1000-нан астам РЖА процедуралар өткізді.

Мастер-класс материалдары бойынша халықаралық басылымдарда бірлесіп жариялау жоспарланып отыр.