Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Бүгін 2019 жылғы 16 қыркүйекте Ұлттық ғылыми онкология орталығының базасында партия жиналысы өтті, оның жұмысына: Ұлттық ғылыми онкология орталығының Басқарма төрағасы Жандос Қонысұлы Бүркітбаев; «Еуразиялық медициналық ассоциация» қауымдастығы нысанында заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті Надежда Михайловна Петухова; «Nur Otan» партиясының «Өркениет» фракциясы төрағасының бірінші орынбасары Мария Мұхтарқызы Өтебаева қатысты.

Партиялық жиналыстың барысында күн тәртібіне сәйкес мәселелер талқыланды:

- «Nur Otan» партиясының жаңғыруы;

- Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық ДИАЛОГ - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы.

Іске асыру үшін ұжымдық күш-жігерді талап ететін қоғамның өзекті мәселелері, қоғамдағы сындарлы диалогтың маңыздылығы, саяси реформа туралы талқыланды. Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев өз сөзінде айтқанындай: «Табысты экономикалық реформалар елдің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртусыз мүмкін емес», және Мемлекет басшысы ретінде ол «өз міндетін елдегі көппартиялықтың, саяси бәсекелестік пен пікір плюрализмінің дамуына көмек көрсету» деп санайды.

«Nur Otan» партиясының «Өркениет» фракциясының өкілі Мария Мұхтарқызы Өтебаева кез келген сұрақтарға жауап беруге және өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге көмек көрсетуге дайын екендігін атап өтті.