Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Бүгін 2019 жылғы 31 тамызда Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Нұр-сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысы жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша көшпелі кеңес өтті.

Кездесуге Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е.А. Биртанов, қала әкімі А.С. Кульгинов, Ұлттық ғылыми онкология орталығының басқарма төрағасы Бүркітбаев Ж.К., «Mabetex group» құрылыс директоры Хайризи Б., «Deloitte TSF» жобасының жетекшісі Миллер М., IT Engineering SA жобасының менеджері А.Кайгородов қатысты.

Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық басқармасының төрағасы Жандос Бүркітбаев Бердібек Сапарбаевты құрылыс бойынша Жол картасының жүзеге асырылу барысымен және ғимаратты жобалау схемасымен таныстырды. Ғылыми онкоорталық 6 қабаттан тұрады. Құрылыстың жалпы ауданы — 49 мың м2 астам. Құрылыс алаңы-16 мың м2 астам. Жаңа орталықтың құрылымында протондық, ядролық, сәулелік терапия орталықтары, патоморфологиялық зертхана, дәріхана, сәулелік және функционалдық диагностика бөлімшесі, қабылдау бөлімі, стационарлардың клиникалық бөлімшелері, операциялық блок, радиофармацевтикалық құралдарды қолданатын интервенциялық хирургия, онкогематология және сүйек кемігін трансплантациялау бөлімшесі орналасатын болады. 

Қазіргі уақытта уақытша ғимараттар мен құрылыстарды монтаждау, жұмыс істеп тұрған әкімшілік ғимараттарды бұзу, шұңқыр қазу, суландыру, шұңқырларды төсеу жұмыстары аяқталды, іргетас жұмыстары да басталды.

Сапар барысында жер учаскесін, ҰМТС-ның бас ғимараты мен патоморфологияны Назарбаев Университетінен республикалық меншікке беру процесін жеделдету мәселесі де қаралды.

Жаңа орталық Орталық Азиядағы үлгілі инфрақұрылымы бар халықаралық деңгейдегі жетекші онкологиялық орталық болады деп жоспарлануда. Біз халықаралық тәжірибені қолдана отырып, қатерлі ісік ауруын диагностикалау мен емдеудің алдыңғы қатарлы технологияларын, соның ішінде лазерлік, сәулелік және жасушалық иммунды терапияны қолданатын боламыз.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы Үкімет медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуды және онкологиялық диспансерлердегі жабдықтар паркін жаңартуды, сондай-ақ Ұлттық онкологиялық орталықтың құрылысын көздейтін 2018-2022 жылдарға арналған қатерлі ісік ауруын бақылаудың кешенді жоспарын қабылдады.

Байланыс үшін:

Халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс бөлімі

ҚР ДСМ "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" ЖШС

Кадырова Жанат Нурлановна - бөлім бастығы тел. + 77051704675

Касымова Гаухар Джаксылыкова-бас маман тел. + 77477565954