Жыл сайын қарашаның үшінші бейсенбісінде әлемде Халықаралық темекі шегуден бас тарту күні атап өтіледі.
Оның мақсаты - қоғамның назарын темекіге тәуелділік проблемасына аудару, темекі шегудің алдын алу, қоғамды темекінің денсаулыққа зиянды әсері туралы хабардар ету.
Жыл сайын әлемде темекі шегуден туындаған аурулардан шамамен 6 миллион адам қайтыс болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары темекі шегудің әсерінен нашарлайтын оннан астам ауру туралы хабарлайды (жүрек-тамыр, өкпе, онкологиялық және т.б.).
Темекі өнімдерінің барлық түрлерінің ішінде өнеркәсіптік өндірістегі темекіні шегу Қазақстанда кеңінен таралған. 15 жастан асқан екі миллион алты жүз жиырма сегіз мың ересек адам - 19,8% 2019 жылғы темекі тұтыну туралы (GATS) ересектердің жаһандық сауалнамасына сәйкес темекі шегушілер болып шықты. Олардың ішінде әйелдерге қарағанда -5,7% ерлер -35,5% едәуір көп.
Дәрігерлер темекі шегушілерге кем дегенде осы күні жаман әдеттен бас тартуды ұсынады.
Темекі шегу проблемасына баса назар аудару кездейсоқ емес, өйткені темекіге тәуелділік адамзат тарихындағы ең кең таралған және алкоголизм мен нашақорлықпен қатар жүреді.
Никотиннің әсерінен ағза бүлінеді және өз ізін қалдырады.
Темекі шегуден бас тарту - Сіздің денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығы үшін жалғыз дұрыс таңдау.