12 ақпанда Шымкент қаласында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы ортопедия және остеоонкология орталығының меңгерушісі, жоғары біліктілік санаттағы травматолог-ортопед дәрігері, магистр (MBA) - Дан Болатұлы Жадыгеров пациенттерді қабылдайды.
⚜ Дәрігер Дан Болатұлы:
🔹 тірек-қимыл аппараты аурулары бар пациенттерді алғашқы қабылдау және кеңес беру;
🔹 операциядан кейінгі 2 ай, 12 ай және 3 жылдан кейін пациенттерді қайта бақылап қарау;
🔹 ірі буын аурулары және сүйектердің ісік дерті бар пациенттерге ортопедиялық көмек көрсету;
🔹 гемофилиямен ауыратын науқастарға ортопедиялық көмек көрсету;
🔹 жалған буындар мен дұрыс бітпеген сынықтарды операциялық емдеу, аяқ-қол сүйектерінің бұрыс жанасқан сынықтарын және деформацияларын түзету және тағы басқа да ем түрлерін жүргізеді.
Қабылдауға Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары кіре алады. Дәрігер тек 1 күн қабылдайды, тіркелуге жазылып үлгеріңіз!
🏥 Қабылдау Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі, 10Б, «Citymed» медициналық орталығы мекен-жайы бойынша өтеді.
📞 Қабылдауға келесі нөмірлер бойынша жазылуға болады:
8-(7252) 39-17-58;
8-(7252) 39-10-63;
mob.:7(771)0391758