Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих
Вильданова Рузаль Фауатовна

Күндізгі стационары, КВИ-1 бөлімшесі бар №1 онкогематология бөлімшесінің меңгерушісі. Бірінші біліктілік санатты гематолог дәрігер.

Еңбек өтілі-8 жыл.

Жіті және созылмалы лейкоздар, миелопролиферативтік және лимфопролиферативтік аурулар, анемия, тромбофилия, миелома ауруы, апластикалық анемия, миелодиспластикалық синдром және қан жүйесінің басқа да аурулары сияқты қан жүйесі ауруларының диагностикасы мен емін жүргізеді.

Созылмалы миелопролиферативті аурулар бағытының кураторы болып табылады. Созылмалы миелолейкозды, бастапқы миелофиброзды емдеудің тәсілдерін зерттеу басым бағыт болып табылады.

Шетелдік және отандық дереккөздерде бірқатар жарияланымдары бар.

Кәсіби дағдылар:

Химиотерапия (оның ішінде жоғары дозалы) және ілеспе терапия курстарын жүргізу

Сүйек кемігінің пункциясы, мықын сүйегінің трепанобиопсиясы, бел пункциясы, цитостатиктерді интратекальді енгізу

Кондициялау режимдерін жүргізу және сүйек кемігін транспланттауды жүргізу (ауто, алло, гапло). Трансплантациядан кейінгі кезеңде пациенттерді жүргізу.

Гематология бойынша біліктілігін арттырудан өтті:

Түркия, Стамбул, 2013ж.

АҚШ, Питтсбург, 2014ж.

Ресей, Санкт-Петербург қ., 2017ж.

Марапаттары бар:

Республиканың денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан еңбегі мен қосқан үлесі үшін ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасы.

"Қазақстандық онкогематологтардың кәсіби қоғамы"ҚҚ жұмысына белсенді қатысқаны үшін алғыс хат.