Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

 


Шакирова Аида Фазыловна


Жоғары білікті санатты онколог-гинеколог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры және «Медициналық білім мен ғылымның инновациялық технологиялары республикалық орталығы» ЖШС-ның тәуелсіз сарапшысы - Аида Фазылқызы өз кәсібіне 18 жыл арнады.


Операциялық араласудың барлық түрлерін жүргізеді:

  • әйел жыныс мүшелерінің қатерсіз және қатерлі түзілімдерінде;
  • лапароскопиялық араласулар;
  • әйел жыныс мүшелеріне реконструктивті-пластикалық операциялар.

Халықаралық бағдарламалар шеңберінде тағылымдамадан өту және оқу:

  • 2015 ж. - Сеул ұлттық университетінің Бундан госпиталі гинекология департаментінде акушерия және гинекология бойынша халықаралық медициналық тренингтік бағдарлама және «Лапароскопиялық жамбас лимфаденэктомиясы» бағдарламасы (Корея, Сеул);
  • 2012 ж. - Hospice Casa Sperantei –де Паллиативтік көмек бойынша дайындық бағдарламасы (Румыния, Брашов).

Ғылыми-зерттеу жұмысы 43 жарияланымда, онкология бойынша 5 оқу құралында ұсынылған. Онкогинекологиялық патология кезіндегі медициналық-әлеуметтік сараптама және оңалту бағдарламаларының авторы (зияткерлік меншік туралы 3 куәлік).