Тамыр хирургиясы орталығының тамыр хирургі, екінші біліктілік санатты дәрігер.
Еңбек өтілі: 5 жыл (2015 жылдан бастап).
- 2017 ж. - Оңтүстік Кореяда,
- 2019 ж. - Беларусь Республикасында тағылымдамадан өтті.
Кеуде және іш қуысы аорта бөлімдерінің аурулары, висцеральды бұтақтардың стенотикалық зақымдануы, бүйрек (реноваскулярлық) гипертензия кезінде тамырлы аурулардың диагностикасы мен емін жүргізеді.
Спецификалық емес аорто-артериті (Такаясу ауруы) бар науқастарды кешенді тексеру және емдеу.
Миды қанмен қамтамасыз ететін артериялардың патологиясын диагностикалау және емдеу (атеросклеротикалық стеноздар, патологиялық жиырылу, аневризмалық кеңею, спецификалық емес аорто-артерит).
Қол артерияларының диагностикасы және емі (стеноздар, Бюргер тромбангииті).
Аяқ лимфедемасын диагностикалау және емдеу.
Тамырлы хирургияда хирургиялық араласудың барлық түрлерін жүргізеді:
- Мықын артериялары мен аяқ артерияларының атеросклеротикалық зақымдануы кезіндегі диагностика және операциялық араласулар (соның ішінде эндоваскулярлық);
- Магистральды тамырлардың аневризмалары кезіндегі оперативтік араласулар.
- Аяқ-қол ишемиясы ауыр науқастарды емдеу, аяқтың веноздық қан ағымын артерияландыру операциялары.
- Мойынның химодектомалары - диагностика, хирургиялық араласу;
- Бүйрек (реноваскулярлық) гипертензиясы кезінде операциялық араласулар (эндоваскулярлық қоса алғанда);
- Варикозды тамырлар - диагностика, шағын инвазивті хирургия, склеротерапия.
- Гемодиализ үшін тамырлы қолжетімділікті қалыптастыру.
Барлық артериялық және веноздық бассейндерге, аорта және оның тармақтарының аневризмаларына, каротид артерияларына операциялық араласулардың кең спектрін жүргізеді.
Call – орталық: 8 (7172)702-911.